Құрметті Алматылықтар мен қала конақтары!

Құрметті Алматылықтар мен қала конақтары!

Қазақ мемлекеттік циркінің жаңа лазерлік шоуы «Ер Төстік» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 2 тамызында оңтүстік астанамыздың көшелерінде цирк артистерінің қатысуымен цирк кавалькадасы өтеді.

Жарқын цирктік лазерлік шоуы қазақ халық ертегі желісі бойынша қойылған “Ер Төстік” атты бағдарламамыз 22 шілдеден 20 тамызға дейін ғана болмақ.

Цирктік кавалькадаға: атты-акробатикалық «Номад» тобы, үйретілген аюлар, түйелер керуені, пони, эквилибристер, акробаттар, жонглерлар, клоун және цирктік балет қатысады. “Ер Төстік” цирктік бағдарламасына билеттер ұтысы ойналады.

Цирктік шеру 02.08.2017 ж. сағ 19.30 басталады.

Қозғалыс маршруты қосымша беріледі.

Қосымша ақпарат:

Қазақ мемлекеттік циркі арнайы халықаралық «ЭКСПО-2017» қөрмесі аясында мерекелік акция жариялайды. Бұл жаңа лазерлік шоу «Ер Төстік» бағдарламасына, құны 3 000, 4 000, 5 000 теңге тұратын билеттерді алдын ала алған көрермендерге 30% жеңілдікпен алуға болатынын жариялаймыз. Акция 5- тамыздан басталады.

Қосымша

ҚОЗҒАЛЫС СХЕМАСЫ

«Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК-ның № 3 цирктік кавалькадасы

Абай даңғылы –Момышулы көшесі –Сатпаев көшесі

1. Сапарға шығу орны-«Қазмемциркі» КМҚК (Абай даңғылы, 50);

2. Межелі орын – ПКиО «Family Парк» (№ 4 ықшам ауданы);

3. Келу орны – «Қазмемциркі» КМҚК (Абай даңғылы,50);

4. Кавалькаданың басталуы – 19 сағ. 30 мин. 2017 ж. 2 тамыз (сәрсенбі);

5. Кавалькаданың аяқталуы ≈ 21 сағ. 30 мин.

6. Бағдар:

– Абай даңғылымен батыс бағытта Момышулы көшесіне дейін;

– Момышулы көшесімен жоғары Шаляпин көшесіне дейін;

– Шаляпин және Сатпаев көшелерімен шығыс бағытта циркке оралу.