Баспасөз-релизі: Қазақ мемлекеттік циркінде «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары» атты тамаша бағдарламасы өтеді.

Сіздерді Қазақ циркі 2017 жылдың 18 желтоқсаны мен 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары» атты тамаша бағдарламасына шақырады.

Ертегінің басты кейіпкерлері: Алып Трансформерлар, сиқырлы пони Пинки Пай мен Радуга, батыл Моана, Аяз ата мен Ақшақар.

Бұл бірегей, оқиға желісін болжап болмайтын, цирк өнеріндегі барлық жанрларын біріктіретін цирк қойылым-ертегісі.

Жаңа жылдық шоуға әлемдік цирк артистері, көңілді клоундар, үйретілген аюлар, иттер, түйелер, жылқылар және понилар қатысады.

Ұмытылмас сиқырлы жаңа жылдық саяхатты сіздер үшін дайындаған кәсіби сценаристер мен қоюшы-режисерлар, композиторлар мен суретші- модельерлер, хоеографтар мен балетмейстерлар, дыбыс және жарық режиссерлары, сонымен қатар артистер мен үйретілген жануарлар.

Артистердің өнерін фантастикалық лазерлік арнайы әсерлермен, кәсіби сахналық жарық пен дыбыс, түрлендірген LED экрандағы бейнелеумен қамтамасыздандырылған.

Қойылым әр қилы жастағы көрермендерге арналады. Бұл ұмытылмас жаңа жылдық мереке болады!

Қойылымның ұзақтығы – 2 сағ. 30 минут үзіліспен.

Алматы циркіне хош келдіңіздер!