21.07.2017 брифингке шақыру

6 months ago admin Comments Off on 21.07.2017 брифингке шақыру

Құрметті журналистер!

Жұма, 21 шілде сағат 13:30 «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК-да «Ер Төстік» атты жаңа лазерлік шоу бағарламасына арналған баспасөз маслихаты өтеді.

Жаңа бағдарламаны Алматы циркі  арнайы  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тарту етті.

Пресс-көрсетілімі Сағ.15.00 басталады. Сіздерді бірегейлі қойылымның  алғашқы қөрермені болуға шақырамыз!

Қосымша ақпарат.

 

2017 жылдың 22 шілде мен 20 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркі ересектер мен балаларды «Ер Төстік» атты қазақ халық ертегі желісімен қойылған жаңа бағдарламасына шақырады.

Кейіпкерлер: Ер Төстік, Кенжекей, Ерназар, Қарашаш, Бекторы, Мыстан-Кемпір.

Бағдарламада: жігіттер, әуе гимнастары, акробаттар, клоундар, эквилибристтер, үйретілген аюлар, ешкілер, иттер, көгершіндер. Ғажайып қөріністерді Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі балет тобы көріктендіреді.

Алматы циркіне хош келдіңіздер!

 

 

Баспасөз маслихатына қатысушылар:

—«Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК директоры Бақыт Бокебаев

—«Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК қойылымның режиссеры Марина Редько

— Н. Алшынбаевтың жетекшілігіндегі   лопингтегі акробат-вольтижерлары

—Василий Доронин цирк артисі

—Алексей Храменков цирк артисі

—Адлет Тиканов пен Камила Күркембаева –  цирк артистері

 

Өткізу орны: Алматы қ., Абай даңғылы, 50

Жауапты тұлға: гастроль, жарнама, маркетинг және PR  қызметінің  бас маманы

Нургалиева Сауле (n.saule@circusalmaty.kz), www.circusalmaty.kz