2018 жылдың 9 наурызы мен 1 сәуір аралығында Астана циркінде Қазақ мемлекеттік циркі «SKIFIY» атты лазерлік шоуын ұсынады.

Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің соңғы 30 жылдағы алғашқы ұжымдық гастрольдік сапары. Әйгілі цирктің алғашқы ұжымдық гастрольдік сапары елордадан бастау алуы кездейсоқтық емес мәні зор бастама.

Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы Бүкілодақтық ұжымдық өнер сайысында бірнеше мәрте лауреат атанды. (1978 ж., 1982 ж.) Қазақ мемлекеттік циркі 10 жыл қатарынан КСРО-ның үздік цирктік ұжымы деп мойындалды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына «Қазақ КСР ның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Бұл қойылым ғажайып, шытырман оқиға желісіне құрылған. Бағдарлама үшін цирк жанры бойынша арнайы сценарий жазылып, жаңа таңғажайып цирктік нөмірлер мен бас айналдырарлық трюктер қойылды. Екі жүзден астам дизайнерлік костюмдер тігіліп, ерекше реквизиттер мен жаңа сахналық технологиялар қолданылды.