Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары

4 weeks ago admin Comments Off on Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары

21.12.2017 ж. “Алматы акшамы” газеті, журналист Балнұр Ахмет. “Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары”.

010

Балнұр АХМЕТ

Қазақ мемлекеттік циркі Жаңа жыл қарсаңында балаларға «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары» атты қызықты қойылымын тарту етті. Балдырғандар қойылымның басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар, алып Трансформерлар, сиқырлы пони Пинки Пай мен Радуга, батыл Моанамен бірге жаңа  жылдық ертегілер әлеміне саяхат жасады. Цирк өнеріндегі барлық жанрларды біріктірген бұл қойылымда әлемге әйгілі цирк әртістері, әуе гимнастары, көңілді клоундар, үйретілген аюлар, иттер, түйелер, жылқылар мен понилар көрермендерді өз өнерімен тамсандырды. Әсіресе, бүлдіршіндер үйретілген аңдардың өнеріне ерекше тәнті болды. Жаңа жылдық шоуды кәсіби сценарийстер мен қоюшы-режиссерлар, композиторлар мен суретші-модельерлер, хореографтар мен балетмейстерлер, дыбыс және жарық режиссерлары дайындаған. 

01

Әртістердің өнері за­манауи лазерлік, кәсіби сахналық жарықпен және дыбыспен, LED экрандағы бейнелеумен көркем­делген. Кейіпкерлерге жаңа киімдер тігіліп, жаңа әуенмен әрленген мере­келік қойылымды көрер­мендер қызыға тамаша­лады.   – Қазақ мемлекет­тік циркі қызықты қойы­лымдармен балалар­ды қуантуды дәстүрге айнал­дырған. Алматы циркіне үш жастағы не­меремізбен жиі келеміз. Балаларға арналған мұн­дағы қойы­лымдар өте қызықты. Немереміз циркке келгенді ұнатады. Әсіресе, ол алып аюлар мен арыстандар өнер көрсеткен кезде ерекше қуанып кетеді. Үйге барғанда қойылым­дағы иттердің секіргенін, аюлардың билегенін көр­сетіп, бәрімізді күлдіріп отырады. Балалардың қуанышын көрудің өзі бір бақыт! Цирктегі жаңа жыл­дық қойылым таңға­жайып тосынсыйларға толы бол­ды. Аренада бір сәтте бірнеше қойылым сахнала­нып жатқан тәрізді болды, әуе гимнастары ауада құстай қалықтап ұшса, сахна төрінде акробаттар секіріп, әр түрлі трюктер жасап жатты. Заманауи техни­калық құрал-жаб­дықтар қойылымның кө­рермен көңілінен шығ­уына сеп­тігін тигізді. Цирк әртіс­терінің таудай тала­бының арқасында әрі шығарма­шылық ұжымның тыным­сыз еңбегінің нәти­жесінде қойылым өте жоғары деңгейде сахна­ланды. Көрерменнің қоше­метіне бөленген өнерлі өрендер қазақ циркінің болашағын жалғайтын талантты жұл­дыздар бола­тыны сөзсіз. Қызықты сәттерімен кіш­кентай көрермендердің жүрегін баурап алған сиқырлы ертегі балдыр­ғандарды  жақсылыққа баулиды. Қиял-ғажайып ертегіні балалармен бірге ата-аналар да қуана тамаша­лап, ерекше әсер алды. Бұл жаңа жылдық ғажайып қойылым бала­ларды бір сәт те зерік­тірмейді, – деді №87 мек­тептің мұғалімі Ақалтын Тұсақбай.

Мерекелік қойылым Жаңа жылда ғалам ға­жайыптарға әрі тосын­сыйларға толы болатынын паш етеді. Сиқырлы ертегі кейде өмірде де таңға­жайып оқиғалар орын алатындығын періштедей пәк көңілді баланың жүрегіне өнер тілімен өте әдемі жеткізеді. Өнер ордасындағы жаңа жыл­дық қойылымды алматы­лық бүлдіршіндер 7 қаң­тарға дейін тамашалай алады.